«Дәрігерлер ұрпақ сүйе алмайсың деді»: Әнші Мақсат Құрақбаев жан сырын ақтарды

Әнші Мақсат Құрақбаев ұрпақ сүйе алмайтынын дәрігерлерден естігеннен кейін бұл хабарды жан жарына айта алмай қиналғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әнші дәрігер “ұрпақ сүю қиын” деп айта салғанын есіне алады. Одан неге сүйеніп айттыңыз деп сұрағанда  “сіздің анализдеріңіз дұрыс емес” деген.

Былай қарап тұрсам, бізде бәрі дұрыс сияқты. Ағамның жеті, одан кейінгісінде бес баласы бар. Егізден де бар. Былай қарасам, біздің әулетте ондай проблема жоқ сияқты. Үстімнен мұздай су құйып жіберген сияқты болды. Біздің қазақта көбінесе әйелден көреді ғой. Менен болғаннан кейін ешкімге айта алмадым. Анама да, әкеме де. Бір күні Меруертке (жарына) айтуыма тура келді. Бірден айта алмадым. Дайындалдым. Әншейін айта салмай, екеуміз екі жаққа кете салуымыз керек, өйткені оның жастық шағын маған арнап, балалы болмасақ не боламыз деп ойладым. Әрбір ананың арманы – бала сүю. Махаббатым деп өмірін өткізіп жіберем бе деген ой кетті. Өзіме оны айту оңай болған жоқ. Қазір біраз уақыт өткеннен кейін айтып жатырмын ғой. Ол кезде қатты қиналдым. Бір айдай айта алмай жүрдім. 10 жылдай көрінді. Өз-өзімді жеп қойдым. Содан не керек, Меруертке бәрін айттым. Меруерт сол кезде маған “Мақсат, қандай жағдай болса да, мен сенімен біргемін” деді. “Мен ертең қартайып, әже болып кетсем де өкінбеймін” деді. Сол маған үлкен күш берді, – деді әнші Qazaqstan телеарнасындағы Тату-тәтті реалити-шоуында.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит