Дәрігерлер инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің жағдайын айтты

Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері инсульт алған журналист Диас Ахметшәріптің қазіргі жағдайынан хабардар етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

“Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 6 мамырда журналист Диас Ахметшәріп миына қан құйылып, комаға түскені хабарланды. Оқиға Ақтауда өткен ішкі істер министрлігінің көшпелі отырысы кезінде болған.