City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Абат Шыныбеков елорданың қоғамдық көліктерінде билетсіз жүретін жолаушыларға салынатын айыппұл көлемі 18 460 теңгеге дейін көтеруді ұсынды.
«2020 жылдан бері оқушыларымыз да, балаларымыз да қоғамдық көлікті тегін пайдаланып келе жатыр. Дегенмен қазіргі таңда компанияның қоғамдық көліктегі тексеру департаментінің қызметкерлері күн сайын рейд кезінде көптеген билетсіз жолаушыны ұстайды. Былтырдың өзінде ғана 202 мыңға жуық факті тіркелді. Оның 10 мыңнан астамына айыппұл салынды. Мұның орташа шығыны жылына 2,5-3 млрд теңге көлемінде. Бұл ақшаға 30-40 автобус алуға болады», — деді Абат Шыныбеков.
Сондай-ақ ол билетсіз жүретін жолаушыларға салынатын айыппұл көлемін ұлғайтуды ұсынды.
«Бұл мәселеде әуелі полиция қызметкерлерінің көмегі керек. Себебі қызметкерлеріміз билетсіз жолаушыны ұстағаннан кейін учаскеге апару керек. Оның бәрі жұмысқа кедергі. Сондықтан жергілікті полиция қызметкерлерінен 10 адамды осы іске бөлсе деген ұсынысымыз бар. Қазіргі таңда қоғамдық көлікте билетсіз жүргені үшін салынатын айыппұл көлемі 2 айлық есептік көрсеткіш (7 384 теңге -ред.) Тиісті орындарға осыны 5 АЕК-ке дейін ( 18 460 теңге – ред.) көтеру туралы ұсынып беріп жатырмыз», — деді компания басшысының орынбасары.
ПІКІР ЖАЗУ