Беларусьтің «БАТЭ» командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнағысы келетіні туралы айтты. Бұл туралы ozgeris.info тілшісі Bel.football сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен Қазақстан құрамасында ойнағым келеді, бұл әрбір ойыншының арманы. Ұлттық құрамаға шақырту алу – кез келген футболшы үшін үлкен мәртебе. Алдыңғы ойындарға Станислав Черчесов шақырмады, мүмкін, келесі жолы сәті түсер. Маған тек осы бағытта тыңғылықты жұмыс істеу керек», — деді Оралхан Өміртаев.
Айта кетейік, Оралхан Өміртаев биылғы маусымда футболдан Беларусь жоғары лигасында 22 матч өткізіп, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, қазақстандық футболшы Беларусь елінің «Слуцк» клубы сапында ойнаған. Ал Қазақстанда ол «Шахтер», «Тобыл», «Ақжайық» және «Атырау» клубтарының намысын қорғаған.
ПІКІР ЖАЗУ