16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа отырып, қазақ футболының тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды. Бұл туралы ozgeris.info порталы stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, мәміленің құны 4,3 миллион еуро болған. Келісім бойынша, Дастан ай сайын 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) жалақы алады. Бірақ, Сәтбаев 2026 жылға дейін «Қайрат» клубында ойынын жалғастырады. «Челси» жаттықтырушысы жас футболшымен жеке оқу бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Оның клуб матчтарына қатысуы Лондон клубымен алдын ала келісім бойынша белгіленеді.
Сондай-ақ, келісімшартта Дастанның жалақысы ата-анасына жіберілетіні, ал ол өз қаражатына 22 жасқа толған соң ғана қол жеткізетіні көрсетілген. Осылайша, жас футболшы кәмелеттік жасқа толғанша екі жыл бойы Қазақстанда ойнап, кейін «Челси» клубына ауысатын болады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру