Жаңалықтар

ChatGPT Қазақстанға салық төлейтін болды

2025 жылғы мамыр айынан бастап OpenAI компаниясы Қазақстан аумағында көрсететін қызметтері үшін қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түрде хабарлады, деп жазады Ozgeris.info.

АҚШ-та тіркелген OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелген шетелдік жеткізуші ретінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілер қатарына қосылды. Бұл шешім ел азаматтарына көрсетілетін цифрлық қызметтердің, атап айтқанда, ChatGPT қолданбасының кең қолданысқа енуіне байланысты қабылданған.    
Барлық жаңалық