БҰҰ судьясы әйелді құлдық еңбекке мәжбүрлеген

Фото: pixabay.com

Ұлыбританияда Лидия Мугамбе есімді судья өз отандасын құлдық еңбекке итермелегені үшін сотталды. The Guardian басылымының хабарлауынша, әйел алты жыл төрт айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты zakon порталына сілтеп.

Айыптаушылардың айтуынша, Уганда Жоғарғы сотының судьясы болып саналатын Мугамбе жәбірленушіні тұрақты жұмысынан айырған және оны үй қызметшісі ретінде тегін жұмыс істеуге, балаларға қарауға мәжбүрлеген.

Оксфордтағы корольдік сотта үкім шығарған судья Фокстон бұл істі “өте қайғылы жағдай” деп атады. Сонымен қатар, сот Мугамбенің адам құқықтарын қорғауға қосқан үлесін атап өтті.

Айыпталушы “ешқандай өкіну сезімін көрсетпеді” және болған оқиғаға жәбірленушіні кінәлауға тырысқан. Мугамбе БҰҰ судьясы қызметінен кеткен.