«Қылмысқа барамын»: Руслан Өтепбай құлдықта болған қыздарға қамқорлық жасай алмайтынын айтты

Фото: жеке парақшасынан

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайынан көпшілікті хабардар етті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

БАҚ маманы олардың жағдайын білу үшін арнайы Тараз қаласына барды.

“Құндыз бен Назгүлге алаңдаған жандарға… Құрметті оқырмандар, соңғы күндері қос қыздың жағдайы сіздерді алаңдатып отырғанын білемін. Сондықтан психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық. Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы бері мүлдем қабылдамағандықтан, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен танысып, олардың қазіргі қамқоршысы Зульфия ханымға медициналық шараларды түсіндірді”, – деді журналист.

Көпшілік апалы-сіңлі қыздардың қатты жүдеп кеткенін жарыса жазды. Тіпті, журналистке “қыздарды өз қамқорлығыңа ал” деген ұсыныстар да айтылды.

“Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу – қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана мен олардың ресми қамқоршысы бола аламын. Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрап тұруыма ешқандай кедергі жоқ. Әр ай сайын барып, олардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек, Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы органдары да қыздарды өз бақылауына алады”, – деп түсіндірді Өтепбай.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит