TikTok желісінде үйде жинаған ақшасын тышқан жеп кеткен тұрғынның видеосы тарады, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Ең қиын кез ақшаңды тығып қойған жерінен тышқан жеп кеткен кез сияқты», — деді видео авторы.
Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір қалдырды. Айтуларынша, бүлінген ақшаны банк ауыстырып беруі тиіс.
«Сотқа беруге келмей ме?», «Ұлттық банкке апарып көр, ауыстырып беруі керек», «Бұлар да жемқор болып тұр ғой», «Құдай басқа салмасын. Мен жынды болып қалатын шығармын», «Қызғанған қызыл итке жем болар деген осы шығар», — деп жазды олар.
Бүгінде видео жүз мыңнан астам қаралым мен 200-ге жуық пікір жинап үлгерген.
ПІКІР ЖАЗУ