Бұл саяси мәселе: Тоқаев қазақстандықтардың қарызы туралы мәлімдеді

Бизнес өкілдерімен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде тұтынушылық несиелеу көлемі өсіп келе жатқанын мәлімдеді.

Президент проблемалық қарыз алушылар саны бір жарым миллионнан асқанын атап өтті. Ол банктерге проблемалық қарыздарды қайта қаржыландыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айтты.

— Азаматтарымызға қарыз шұңқырынан шығуға көмектесу керек. Бұл маңызды саяси мәселе. Сонымен бірге біз қаржылық білім беру жүйесін, әсіресе өскелең ұрпақ арасында нығайтуға тиіспіз.

Осыған байланысты банктер проблемалық қарыздарды қайта қаржыландыру жөніндегі жұмысты күшейтуі, олардың санының өсуіне жол бермеуі тиіс. Алаяқтық схемалар нәтижесінде азаматтарға ресімделген несиелерге ерекше назар аудару қажет, — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.