«Бұл күнді ұзақ күткен едім»: Әбиба Әбужақынова жантебірентерлік жазба жариялады

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізе алмағаны үшін әлеуметтік желіде жанкүйерлерінен кешірім сұрап, жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Құрметті, Қазақ елі!  Мені қолдап, жүлдесіз қалғаныма қарамастан жылы лебіздеріңізді арнап жатқандарыңызға рахмет!

Мен бұл күнді ұзақ күткен едім. Қазақстан әйелдер дзюдосының тарихын жаңартуға бар күшімді салғаныммен, өзім ойлағандай нәтижеге қол жеткізе алмадым…

Маған сенген баршаңыздың үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мен мұнымен тоқтап қалмаймын! Мықты болып ораламын», — деп жазды ол.

Айта кетелік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...