Букет бағасы – 12 миллион: Қызыл кітаптағы гүлді жұлған әйел ұсталды

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлып жүрген әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан оның Қазақстанда сирек кездесетін және қорғауға алынған Грейг қызғалдағының бірнешеуін жұлып, букет жасап жүргені байқалады деп хабарлайды Ozgeris.info порталы PRO Кадры Кз Telegram арнасына сілтеме жасай отырып.

Бұл әрекет заңға қайшы, себебі Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жоюға немесе зақымдауға тыйым салынған. Осындай заң бұзушылық үшін айтарлықтай жаза көзделген.

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатқанын және әйелдің жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

Егер шын мәнінде жұлып алынған гүлдер Грейг қызғалдағы екені расталса, заң бұзушыға 3000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 12 миллион теңге) салынады немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады, ал ауыр жағдайда 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…