«Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын». Мақпал Жүнісова желіні шулатты

instagram/zhunusova.makpal

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова кейбір желі қолданушыларына ренішін білдіріп, ескерту жасады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Біреулер желіде «Мақпал Жүнісова күйеуге шықты» деген жалған ақпарат таратқан. Мақпал Жүнісова желідегі бейнеде концерт режиссері қарсы алып жатқанын хабарлап, сыншылдармен қатты дауласты.

«Тик Токта аузы қышып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені «күйеуге шықты» деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын», — деді әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақпарат alash.kz сайтынан алынған.