Ертең, 22 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, — деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі
Астана қаласының әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты кей сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады.
«2025 жылғы 22 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», — делінген хабарламада.
Еске салайық, синоптиктер Астанада алдағы күндері аяз күтіледі деп болжады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру