БҚО-да осымен үшінші рет белгісіз дрон табылды

Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданынан тағы да белгісіз дрон табылды. Соңғы уақытта бұл БҚО аумағында табылған үшінші дрон, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Аймақта тағы бір белгісіз дронның құлағаны туралы ақпарат 24 наурыз күні кешке пайда болды. 25 наурыз күні таңертең БҚО полициясы ұшқышсыз ұшақтың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатқанын растады.

«Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп Жәнібек ауданында пилотсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсас заттарды табу фактісі бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Нысан елді мекендерден алыс, шалғай жерде табылды», – деді БҚО полиция департаменті.

Апатқа ұшыраған дронның кімге тиесілі болуы мүмкін екені әлі белгісіз.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...