Бозжыра шатқалында қонақ үй саламыз ба, салмаймыз ба?

Фото: gov.kz

Президент бүгінгі үкімет отырысында туризм саласының еліміздегі стратегиялық маңызын тағы да айқындады. Жалпы Президент билікке келгелі осы туризм мәселесін жыл сайын көтеріп келеді.

Мысалы, өткен жылдары Үкіметке тик-токты Қазақстанға туристер тарту құралы ретінде пайдалануды тапсырған. Содан бері, еліміздің тұмса табиғаты мен өзен-көлдері расымен де лентада жиі шығатын болды.

Президент Қазақстан туризм саласында артта қалып қойғанын сынап, жұмыстардың мардымсыз жүріп жатқанын айтты.

«Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау керек», — деді Тоқаев.

Қазақстанның табиғи байлығы, көрікті жерлері мен қайталанбас қорықтары, шынымен, үлкен туристік әлеуетке ие. Бірақ бұл әлеуетті толық пайдалану үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту, логистиканы жақсарту және шетелдік турист үшін қолайлы жағдай жасау маңызды.

Маңғыстаудағы Бозжыра туралы да айтты. Кезінде сонда қонақүй саламыз деп еді, жұрт қарсы шығып, ол жоба тоқтатылды.

2021 жылдан бері басталған Бозжыра маңынан қонақ үй тұрғызу жөніндегі мәселе әлі күнге дейін бір шешімін таппаған. Бозжыра шатқалы Қызылсай табиғи паркінің қарамағындағы Жабайұшқан қаумалында орналасқан Үстірт қыратының бір бөлігі. Ежелгі мұхит орнында тізілген бұл жер Маңғыстаудың маржанына айналған.

«Бозжыраға баратын жол жоқ. Бозжыраның басында дәретхана жоқ. Бозжыраның басында тамақ ішетін асхана жоқ. Бозжыраның басында арақ ішіп жатқан адамдарға, машинасын түбіне дейін қойып жатқан адамдарға және басына өрмелеп шығып жатқан адамдарға, аңын атып жатқан адамдарға, жын-ойнақ жасап жатқан адамдарға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін Қожа жоқ. Бозжыраның айналасында ештеңе болмау керек осыны бақылау керек. Сонда ғана Бозжыраны алып қаламыз«, — деп дабыл қаққан еді қоғам белсендісі Жәнібек Қожық.

Бұл тек Маңғыстаудағы мәселе емес дейді блогер Оңғар Қабден.

«Елдің әр аймағында кездесетін жағдай. 2014 жылы Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын саламыз деген кезде де жұртшылық қарсы болған. Кейін Президент көпшіліктің тілегін ескеріп, бұл жобаға тыйым салып, нүкте қойған еді», — деді ол.

Жалпы, қанша адам болса, сонша пікір бола береді ғой. Бірақ жеке инвесторларды тартып, экотуризм қағидаларын ескере отырып, туризмді жаңа деңгейге көтеру керегі айқын.

Әйтпесе, жұрт қашанғы Дубай, Түркия, Вьетнам, Тайландқа барып, ақшасын шашып келеді? Ол ақша өзімізде қалу керек.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...