Болат Назарбаевқа тиесілі жер қайтадан аукционға шығарылды

РARYZ.KZ

Бұл учаскені сату екінші рет ұйымдастырылып отыр. 2024 жылдың желтоқсанында жоспарланған аукцион қатысушылардың болмауына байланысты өтпей қалған, деп хабарлайды Курсив Медиа.

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания Алматы облысы, Шамалған ауылында орналасқан, «Үшқоныр» резиденциясының маңындағы 142 гектар жер телімін қайтадан саудаға қойды.

Аукцион 5 ақпанда өтеді, бастапқы бағасы – 127,8 млн теңге.

«Жер телімі Іле-Алатау ұлттық паркінің қорғалатын аумағының шекарасында, «Үшқоныр» резиденциясына барар жолда, бақылау-бекеттен кейін, Шамалған ауылынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.

Учаскенің кіреберістері мен жолдары өте ыңғайлы. Жолдары асфальтталып, тас төселген. Жер бедері тегіс, ой-шұңқыр жоқ, кез келген бөлігінде жол талғамайтын көлікпен еркін жүруге болады», – делінген сипаттамада.