Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмай қалды

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл кезеңде 63,5 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Лаша Гурули қарсылас атанды. Бұған дейін Грузияның боксшысы 2021, 2023 жылдары әлем чемпионатында қола алып, 2022, 2024 жылдары Еуропа чемпионатында күміс иеленген болатын.

Бірінші раундты судьялар Мұхаммедсабырға берді — 5:0. Екінші үш минутты Лаша Гурули алды — 5:0. Соңғы раундта Грузиялық боксшы жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.

Нәтижесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2:3 есебімен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліске ұшырады.