Боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты даудан кейін елорда полицейлері жазаланды

Елордадағы сауда әрі ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісінен кейін боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты тексеру жүргізіліп, қызметіне салғырт қараған полицейлер жазаланды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінен мәлім етілді, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.

Тексеру қорытындысы бойынша Есіл ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кезекшісі және полицияның аға учаскелік инспекторы қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту алды.

Есіл ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды, ал аудандық басқарманың басшысына сөгіс жарияланды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора