Блогерлерге салық органдарынан жіберілген хабарламалар қайтарылуда

Мемлекеттік кірістер комитеті бұрын 93 қазақстандық блогерге жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге жіберілген 169 хабарламаның қайтарылғанын мәлімдеді.

“Бұған оларды жіберу және өңдеу барысында техникалық ақаулардың орын алуы себеп болды. Сонымен қатар, техникалық қателік жойылғаннан кейін қайтарылған хабарламалар 93 блогерге сол сомалармен қайта жіберілетінін назарға аламыз”, – деп хабарлады ведомство.