Әкесін қалай ұрып-соққанын, қалай қарттар үйіне тапсырғанын көрсету үшін оқырмандарына лайк жинау керегін айтқан, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі smartnews.kz сайтына сілтеп.
Өзбекстандық блогер лайк үшін әкесін соққыға жығып, қарттар үйіне тапсырамын деп, жаза арқалады. Бұл туралы жергілікті БАҚ және Өзбекстан полициясының ресми арнасында жазды.
Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын, ал 200 мың лайк жинаса оны қарттар үйіне тапсыратынын айтқан. Аталған резонанс видеосы үшін блогер жазаға тартылды.
“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ