БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Фото: polisia.kz

Тасқала ауданында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Тасқала ауылында болды. Mitsubishi жүргізушісі дүкеннің жанында тұрып, артқа жүру кезінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйел бұл уақытта жолдың жүріс бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен.

«Нәтижесінде жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші сау болған. Оны уақытша ұстау изоляторына қамады», — делінген хабарламада.

Тергеу барысында сол ауданның полиция бөлімінің қызметкері көлік жүргізгені анықталды. Ол ішкі істер органдарынан босатылды.