Алматы облысы Еркін ауылының тұрғыны қорқынышты видео жариялады. Оның айтуынша халықты қауіпті затпен улап жатыр. Ол түсірген видеода ауласындағы қақпасы өте қалың сұр затқа толып қалған. Сондай-ақ видео авторы ол заттың магнитке жабысатынын да көрсетті.
«Бүгін 14 ақпан, мен сіздерге өз үйімнен видео түсіріп жатырмын. Алматы облысы, Еркін ауылы. Өтініш, бұны жариялаңыздар. Алматы және ел тұрғындары біздің уланып жатқанымызға куә болсын. Барлық жауапты тұлғалар осы қыста экологиямыздың осыншама күйге түскенін түсіндірсін», — деді автор.
Желі қолданушыларының пікірінше, Алматыда АҚШ-тың биолабораториялары орналасқан. Соның салдарынан халық жыл бойы аллергиядан арылмай, вирусқа шалдығып жатыр. Нәтижесінде ең көп табыс тауып отырған ауруханалар дейді халық.
Алматының экологиясы — нағыз апат. Бұл туралы мамандар пікір білдірген. Мысалы 2024 жылы депутат Андрей Пономарев прьемер-министрге жолдаған сауалында «Алматы әлемдегі ең ластанған мегаполистердің бестігіне енді» деп мәлімдеген. Ал 2023 жылы ALASH онлайн сайтында Алматының экологиясы апатты жағдайда екенін мойындады талап еткен петиция жарияланып, бір ай ішінде оған 53 мыңнан астам адам қол қойған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру