Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева Қазақстандағы жұмыстарын тәмамдап, АҚШ-қа жолдасының қасына оралды. Құрама штаттарына жеткен бойда шоу-бизнес жұлдызы өнердегі әріптесі Марат Омаровтың шаңырағында қонақта болды, деп жазады ozgeris.info.
Айгүл Иманбаева Instagram-дағы парақшасында жолдасымен жағажайда құшақтасып отырған сәтінен видео жариялады. Бүгінде ерлі-зайыпты Америка құрама штаттарында жүргені белгілі болды. Эстрада жұлдызы АҚШ-қа жеткен бойда өнердегі әріптесі Марат Омаровтың үйіне барған. Белгілі композитордың келіншегі жас жұбайларға дастархан жайып, қонақжайлығын көрсеткен. Оған қоса Иманбаева Омаровтар отбасы екінші рет тұрмысқа шығарда өзіне ерекше қолдау көрсеткенін айтты.
«Қазақ party басталды. Марат ағаның шаңырағындамыз. Әрқашан осындай көңілмен, осындай дастарханмен күтіп алады. Екі аш қазақ теңізден кейін осы тамаққа жетіп келдік. Біз үйленерде Марат аға мен Перизат ханым батасын беріп, тілекші болған», — деді Иманбаева.
ПІКІР ЖАЗУ