«Біз мұндай қолдауға лайық емеспіз». Футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері мәлімдеме жасады

Фото: kff.kz

Кеше, 30-шы қыркүйек күні Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында футзалдан Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан және Аргентина құрамалары бақ сынасты. Матч қарсылас команданың пайдасына 6:1 есебімен аяқталды,-деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Біз бүгін не нәрсеге лайықпыз, соны алдық. Өз деңгейімізден алыс болдық. Аргентина өте сапалы әрі мықты ойнады. Футзал деген — үш күн бұрын мықтысың, бірақ кейін… Бұл жеңіліс үшін жауапкершілікті толық өз мойыныма аламын. Бүгінгі ойын біздің ұлттық құрамамыздың ең нашар ойыны. Жанкүйерлеріміздің берген қолдауына лайық емеспіз»,-деді Кака

Өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама үздік нәтиже көрсетіп, доданы төртінші орынмен аяқтаған болатын.

АҚПАРАТ DOPMEDIA.KZ САЙТЫНАН АЛЫНДЫ