Премьер-министр Олжас Бектенов Алматының индустриялық аймағында болды. Ол автокөлік кәсіпорнын кеңейту және жаңғырту жоспарларымен де танысты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Қазақстандық автоөнеркәсіп, кім не десе де, барынша қалыптасты. Ол одан әрі дамиды. Үкімет оны әрқашан қолдайды. Бизнестің өзі дамуға, локализацияны арттыруға ұмтылысы бар. Біз қуатты автомобиль державасына айналуымыз керек», – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы «Ирригатор Қазақстан» зауытында өнімділікті көбейтіп, су үнемдеуді арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын тамшылатып суаруға арналған, Израиль технологиясы бойынша жасалатын түтікшелер өндіру процесін қарап шықты. Биыл қаңтар айында іске қосылған кәсіпорын жылына бау-бақша, жидек, көкөніс және дәнді дақылдарды суаруға арналған 270 млн метр өнім шығаруға қабілетті. Компания директоры Мұрат Ақшалов жобаға израильдік METZERPLAS компаниясынан 770 млн-нан астам шетелдік инвестиция тартылғанын, бұл жобаның жалпы сомасының үштен бірін құрайтынын айтты.
ПІКІР ЖАЗУ