«Біз ешкімді сөкпейміз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова видео жариялады

Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал өнерлі жұп Қайрат пен Жұлдыз ел алдына бірге шықты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.

Олар Instagram парақшаларында трендке айналған видеоны қайталап, бірге жазба жүктеді.

Олар көрермен арасында жұп туралы түрлі алыпқашпа әңгіме көп айтылып жатқанын жасырмады.

«Мен Қайрекең туралы түрлі әңгімелер естимін. Десе де, мен оны сөкпеймін. Қайрекең туралы ғана емес, жалпы біз жайлы халық арасында алыпқашпа әңгіме өте көп. Бірақ біз оларды сөкпейміз», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жұлдызды жұпқа бақыт тілеп жатыр.

“Махаббаттарың баянды да, тәтті болсын! Өмірлері күндей, көңілдерің гүлдей, армандарың асқар таудай болсын! Тату да тәтті өмір сүріңдер!”, “Енесі де Жұлдыздың құрбылары да “ажырасты” деп еді, қайта қосылғаны құтты болсын!”, “Екеуін көріп мен ғана қуанған жоқпын”, “Ажырасып кетсе де, балалары үшін әке-шеше болып қалады”, – деп жазды көпшілік. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)