Биыл Рамазан айы 3 сәуірде басталып, 2 мамырда аяқталады, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Таң атқаннан күн батуына дейінгі аралық – ораза уақыты. Құранда ораза уақыты туралы былай делінген: “Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар”.
Рамазан айы адамдарды имандылыққа тәрбиелейді, өз нәпсісін тиюға, жамандықтан аулақ болуға үндейді.
Мұсылмандар үшін бес парыздың бірі саналатын оразаға аз қалды. Ниет қабыл болсын, қазақ елі.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ