Кеше Степногорскіде «Қазақалтын» кәсіпорнында тағы бір қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «Найза Көкше» порталы.
Тіреуішті дайындау үшін ағаш материалдарын көтеру кезінде үйінді құлады. Үш сағаттан кейін жұмысшыларды жер бетіне шығарды. Біріне дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жіберілді. Екіншісі жарақатынан көз жұмды.
Арнайы комиссия құрылып, тергеу басталды.
«Бестөбе» кеніші «Батыс» шахтасындағы жұмысшының қазасына байланысты «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ