«Біреуі комада жатыр»: Атырауда мемлекеттік қызметкерлер жаға жыртысқан

Фото: rupor.md

28 қаңтарда Атырау қаласындағы ең қымбат мекемелердің бірі «Beer House Villa» ғимаратында прокурор Асқар Жанысбаев пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов арасында төбелес болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты АқЖайыққа сілтеме жасап.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, А.Бағытжанов төбелестен кейін облыстық ауруханаға жеткізілге, қазір ол комада жатыр.

Атырау облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға прокурорлардың қатысуын қоса алғанда, барлық мән-жайды анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», — деп мәлімдеді облыстық ПД.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог: "Хотите снизить давление? Прекратите добавлять в еду…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 18 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом