«Бір-бірінен шаршайтын кездер болады»: Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Алагөзов
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Forbes Kazakhstan ютуб-арнасына берген сұхбатында Баян Алагөзовамен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол әйелі Баян Мақсатқызымен уақыт өткізу қызық екенін айтады.

«Отбасылық өмірде адамдар бір-бірінен шаршайтын кездер болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян — көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта «ойнай» бастаймын. Ол — ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Бұл керемет үйлесім: ол журналист ретінде сұрақтарды жақсы қоя біледі және актриса болғандықтан, жақсы ойнайды. Ол ананы, көңілдес әйелді, баланы ойнай алады және бұл оның қолынан жақсы келеді. Біз осылайша бірге уақыт өткіземіз», — деді ол.