«Бір адам қаза тапты». Алматыда қоғамдық көлік апатқа ұшырады

Жол апаты
Коллаж: stan.kz

Алматыда 18-автобусқа жеңіл көлік соқтығысып бір адам қаза тапты. Тағы 16 жолаушы зардап шеккен, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Оқиға Мақатаева мен Сейфуллина көшелерінің қиылысында орын алған.  Жүргізушінің сөзінше, оның жолын KIA кроссовері кесіп өткен. Салдарынан автобус жүргізушісі кенет тежегішті басып, рөлді басқара алмай, жолдың жиегіндегі дүңгіршекке соқтығысқан. Жол апатына қатысы бар көлік эвакуацияланды.

Оқиғаға байланысты Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

“Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алмалы ауданында 14:20-да болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «КІА» маркалы автомашинаның жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, «City-Bus» ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан. Кейіннен кедергіге соқтығысуға жол берген”, – делінген хабарламада.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…