«Білім бөлімінің тапсырмасы»: Белгілі әншінің концертіне мұғалімдер еріксіз билет алған

Фото: Гүлмира Абықайдың парақшасынан

Жамбыл облысы Қордай ауданында мұғалімдерді мәжбүрлеуге қатысты дау туды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Журналист Гүлмира Абықайға желіде қордайлық мұғалімнің бірі шағымын айтып, көмек сұраған. Сөзінше, оларға Айбек Қайбулла есімді әншінің концертіне билет алуға мәжбүрлеген. Мұғалім ортақ чаттың скриншотын ұсынды. Олардан 8000 теңгені 55 адамға бөліп, 146 теңгеден аударуды сұраған.

“Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен, билеті өтпей жатыр, соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауы тиіс? Қордай Аудандық білім бөлімінің тапсырмасы. Неге мектептерге бөліп тастайды, билеті өтпесе де, біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерт болса бір жөн. Қайырымдылық концерт болса, жетімдер үйінен келіп концерт қойса, қуана-қуана баратын едік. Енді мектептерге осылай бөліп тастайды, барсаң да, бармасаң да жинап бересің”, – деді мұғалім.

Жамбыл облысының сапаны қамтамасыз ету департаменті ақпарат назарға алынғанын мәлімдеді.

“Жұмыстар жүргізіледі, нәтижесі туралы қосымша хабарланады”, – делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігі Жамбыл облысындағы мұғалімдердің концерттік билеттерді мәжбүрлеп сатып алуына қатысты арыз-шағымдарын тексереді.

«Білім беру сапасын қамтамасыз ету бөлімі жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Заңбұзушылықтар расталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін қызметтік тексерістің негізінде Қордай аудандық жергілікті атқарушы органының өкілі жауапкершілікке тартылады», – деді оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...