Германияда қаза болған қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның қолында, мойынында және бетінде пышақ жарақаттары болған. Бұл туралы «BILD на русском» Telegram-арнасы хабарлады, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
40 жастағы Айгүл Сайлыбаева Шеффилдте (Англия) оқып, кейін Астанада судья болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуімен, қызымен және қайын енесімен бірге тұрды.
4 маусым күні таңертең Сайлыбаева екі жасар қызы Жаклинді балабақшаға апарады. Содан бері оны ешкім көрмеген. Арада 12 күн өткенде оның денесі қаланың шетінен пластикалық қапшыққа салынған күйі табылды.
BILD мәліметтері бойынша, оның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары табылған.
«Біз төбелес болды деп ойлаймыз, әйелге шабуыл жасалды және ол өзін қорғаған болуы керек», — деді тергеуші.
Прокуратура BILD-тің өтінішіне жауап берді, бұл іс бойынша әлі күнге дейін бірде-бір күдікті жоқ.
Сайлыбаевамен бір мезгілде оның Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне алып келген. Содан бері ізім-ғайым жоқ. Қазір Жаклин әкесімен бірге.
Қазақстаннан Германияға марқұмның ағасы Қанат Сайлыбаев келді. Ол әпкесін Отанына жерлегісі келетінін айтып отыр.
«Біз өте жақын болдық… Қатты уайымдадық. Бұл Айгүлдің мінезіне жат. Ол әдетте хабарламаларға бес минут ішінде жауап беретін. Ата-анамыз Айгүлмен күн сайын, соңғы рет 3 маусымда телефонмен сөйлесті. 5 маусымда біз полицияға хабарладық. <…> Айгүл өте ашық және жанашыр адам болды. Ол қызын бәрінен де қатты жақсы көрді және сүйікті ана болды. Айгүлдің өліміне кім кінәлі болса, ол әділ жазаға тартылып, әділдік орнайды деп үміттенемін», — деді Қанат Сайлыбаев.
ПІКІР ЖАЗУ