«Бес күтуші бар»: Баян Мақсатқызы екі сәбиін қалай бағып жатқанын айтты

Фото: әлеуметтік желі

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі қызына төрт бала күтушісін ұстап отырғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Алдымен продюсер әңгімесін қыздарының қалай дүниеге келген сәтінен бастады.

“Алиса туған бойда менің кеудеме жатты. Әлі күнге дейін есімде “Менің анам осы әйел ме?” дегендей маған басын көтеріп қарады. Ол сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Қызымның мінезі өзіме ұқсайды. Бірақ кескін-келбеті Айаруға келеді. Өте ақшыл қыз болып өсіп келеді. Мені сәл қорқытқан қыз – Алма. Суррогат анамыз босана алмай қатты қиналғасын шұғыл кесарь тілігін жасады. Оны бізге бермей сыртта күткізіп қойды. Мен қатты қорқып кеттім. Со кезде күйзеліске түсіп те үлгердім. Бір жарым сағат бойы баланы көре алмадық. Кейін қолымызға әкелгенде тағы екі сағат ұйықтады. Өте тыныш бала”, – деді продюсер.

Сонымен қатар медиа маманы қыздарына бала күтушісін де асқан жауапкершілікпен таңдаған.

«Біздің бала күтуші жөніндегі продюсеріміз, сіңлім Бағым Мақсатқызы барлық бала күтушімен кездесті. Он шақты күтушіні өзі іріктеп алды. Жан-жақты зерттеді. Біз төртеуін таңдадық. Әр балаға екі күтуші бар. Олар күн мен түн сияқты ауысыммен жұмыс істейді. Бірақ бізбен бірге тұратын бесінші бала күтуші бар, ол – филиппиндік. Айсәуле, оны сенің кеңесің бойынша алдырған едік», – деді Баян Алагөзова.