Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа су тасқынының салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтың су тасқынының салдарын жою және табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға, ең алдымен бұрынғысынша эвакуациялық пункттерде жүрген азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмысы туралы баяндамасын тыңдады», — делінген сенбі күнгі хабарламада.
Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмысты күшейту, зардап шеккендерді сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалалар мен елді мекендерде азаматтық инфрақұрылымды жөндеу мен салуға кірісу жөнінде тапсырма берді.
«Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары азаматтармен белсенді және тиімді жұмыс істеуге, туындаған мәселелер мен негізделген талаптарды шешу бойынша мемлекеттік саясатты және қабылданып жатқан шараларды түсінікті түрде түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі тиіс «, — деп толықтырды Ақордада.
ПІКІР ЖАЗУ