Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында Павлодар және Абай облыстарындағы орман өрттерін тексеруді тапсырды. Сонымен қатар, Ақмола облысындағы су тасқынына байланысты жергілікті билікті сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Orda порталына сілтеп.
Премьердің айтуынша, екі өңірде де төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмі сақталмаған. Абай облысындағы орман шаруашылығы қызметкерлері өрт туралы ТЖМ, ІІМ және Қорғаныс министрлігіне дер кезінде хабар бермеген. Дәл осындай жағдай Павлодар облысында да қайталанған.
Айта кетейік, сәуірдің басынан бері Абай облысындағы «Семей орманы» мен Павлодар облысындағы Жасыбай орманшылығы аумағында өрт шыққан. Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегінше, жыл басынан бері мемлекеттік орман қорында 25 өрт тіркеліп, 4,5 мың гектарға жуық жер жанып кеткен.
Осыған байланысты Бектенов Экология министрлігіне, ТЖМ мен ІІМ-ге жағдайды тексеріп, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру