«Бейәдеп сөйлеп, тыныштығын бұзған»: Қызылордалық келін енесіне арыз жазып, сотта жеңіп шықты

Қызылорда облысында келіні енесінің үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотына сілтеме жасаған ozgeris.info.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазалы аудандық сотында азаматша Ұ.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта А. есімді әйел келіні Ұ.-ны сыйламай, бейәдеп сөйлеп, үй тыныштығын бұзғаны анықталған.

«Сотта жәбірленуші енесі тарапынан ауыр сөздерді көтере алмай арыз түсіргендігін көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.

Ұ.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген. Қазалы аудандық сотының қаулысымен Ұ. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған», — делінген сот хабарламасында.