Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша бөлімшесі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу туралы мәліметтерді талдау нәтижесінде «КаР-Тел» ЖШС (бұдан әрі – Билайн) үйдегі интернет қызметтерін қолдан қымбаттатғаны анықталды. Сәйкесінше, тұтынушылардың заңды құқықтары бұзылған.
Ведомствоның мәліметінше, талдау нәтижелері көрсеткендей, Beeline тұтынушыларға қолданыстағы тарифтік жоспарларда үй интернетінің жылдамдығын таңдау мүмкіндігін шектеп, 100 Мбит/с-тан жоғары жылдамдықтағы интернетті ұсынған. Бұл өз кезегінде бағалардың жасанды түрде қымбаттауына және белгісіз тұтынушылар тобының құқықтарының бұзылуына алып келді.
Сонымен қатар, Билайн ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 300 Мбит/сек.-ге дейінгі жылдамдықтағы интернет қосылымы тек GPON технологиясы бар үйлерде ғана қолжетімді. Қалған үйлерде максималды жылдамдық 100 Мбит/сек. болуы тиіс, ал тарифтік жоспарлардың құны барлық абоненттер үшін бірдей сақталған.
Былтыр департамент заңнаманы бұзу белгілерін жою мақсатында Билайн компаниясына хабарлама жіберген.
Компания тұтынушыларға келесі шарттарды қамтамасыз ететін тарифтік жоспарларды таңдау құқығын беру шараларын қабылдауы тиіс:
•Интернет жылдамдығы 100 Мбит/сек.-ден аспайтын тарифтік жоспарлар, егер тұтынушы жоғары жылдамдықтағы интернетті пайдаланғысы келмесе;
•Тек 100 Мбит/сек.-ден аспайтын жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу қызметтері, басқа ақылы қызметтерсіз.
Қазіргі уақытта бұл хабарлама толық көлемде орындалды.
«2025 жылғы 15 қаңтардан бастап тұтынушыларға 100 Мбит/с-қа дейінгі тарифтік жоспарлар ұсыныла бастаған, және олардың бағасы 500 теңгеге арзандады», — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру