Баян Мақсатқызы америкалық жұлдыз Snoop Dogg-тың қаламақысы қымбатқа түскенін айтты

Фото: bayanmaxatkyzy инстаграм парақшасынан

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Kesh You тобымен ән айтқан америкалық жұлдыз Snoop Dogg-қа-тың гонорарын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

“Viшнөвый джем” шоуында отандық шоу-бизнес жұлдызы қонақ болып, шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті.

“Екі жыл бұрын Snoop Dogg қаламақысын 250 мың АҚШ доллары деген. Біз де сондай ақша төледік. Бірақ нақты мынадай сома деп айтпай-ақ қояйын. Оны нақты ешкім білмейді. Әлемдік жұлдызбен коллаборация жасау үшін аз ақша төлемейтінің белгілі. Бейнебаянға демеуші болған менің жолдасымның компаниясы. Үш күн ғана жұмыс істедік. Бір күн түсірілім алаңына келді. Екінші күні студиясына бардық. Ол сол жерде ғана жұмыс істейді екен. Басқа ешқайда бармайды деп бізге ескертті”, – деді Баян Мақсатқызы.

Сонымен қатар әлемдік мегажұлдыз продюсердің иығына жапқан шапанына қатты таңғалып, тағы бір мәрте дубль жасауды өзі ұсынған.

“Түсірілім алаңындағы қызық оқиға деп айтуға болатын шығар. Біз Snoop Dogg-қа шапан жаптық. Ол қатты таңғалды. Бұл не, қандай киім?” деп сұрады. Ұлттық киім екенін, сыйлы қонақтарға кигізетінін айттым. Сол кезде ол осы шапанды киіп, екінші рет дубль жасайын деді. Оның алдында бір дубль ғана жасап жүрген еді. Ешқашан Snoop Dogg екінші рет дубль жасамаған. Бәрі қатты таңғалды. Одан кейін тағы бір мәрте үстінен киіп отырғанын көрдім”, – деді продюсер.