Белгілі продюсер Баян Алагөзова қазақ қоғамындағы әйелдердің рөліне қатысты пікір білдіріп, кейбір дәстүрлердің өзіне мүлде жат екенін ашық айтты. Оның айтуынша, батыс өңірінде өскен қыздар еркіндікті жастайынан бойына сіңіріп өседі.
«Бізге ешқашан ер адамға иілу керек деп айтқан жоқ», – дейді ол. – «Мен мұндайды ешқашан көрмедім. Алматыға келгенде шымкенттік қыздардың үлкендерге иіліп тұрғанын көріп, таңғалдым. «Не үшін иіліп жатырсың?» деп сұрадым. Олар «Бұл – құрмет» деді. Бірақ мен өз әкемді де, атамды да ерекше құрметтедім. Менде ондай табынушылық жоқ. Маған мұны ешкім үйретпеді, үйретпейтін де шығар».
Алагөзова өзінің еркін мінезі қайдан қалыптасқанын да жасырмайды.
«Менің әжем маған: «Біз атқа мінген халықпыз», – деп айтатын. Біз әрдайым еркін болдық. Мен осы тәрбиемен өстім», – дейді ол.
Ол тіпті Кеңес Одағының батыр әйелдері туралы да сөз қозғап, «Барлық батыр әйелдер Ақтөбе мен Оралдан шыққан. Жамбыл мен Шымкенттен бірде-бір батыр жоқ», – деп атап өтті.
Қазақтарда үлкендерге сәлем салу дәстүрі бұрыннан бар. Келіннің бет ашар рәсімінде, келінге сол елдің үлкендері мен сыйлы адамдарын таныстырып,сәлем салғызады.. Сәлем салу-бас иіп,құл болу емес сол елдің үлкендеріне деген құрмет. Бұл дәстүрді орысша оқып, ата дәстүрімізді білмейтін, ұлтын қазақ деп құжат алған орысқұлдар түсінбейді.