Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары судың тұтқында қалып қойған.
Жайылым кезінде жылқышылар жылқылардан көз жазып қалған.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды.
Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.
ПІКІР ЖАЗУ