Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттық гимнстикадан әлем кубогі кезеңінде Қазақстандық спортшы қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
Olympic.kz сайтының мәліметінше, Батуттық гимнастикадан жаңа маусым Бакудегі әлем кубогі кезеңінен басталды. Жылдың алғашқы додасында отандасымыз Джанил Мусабаев қола жүлдеге қол жеткізді.
Ол финалда 58.890 ұпай еншілеп, үздік үштікті қорытындылады.
Жарыс нәтижесі бойынша Белорусь спортшысы, Олимпиада чемпионы Иван Литвинович топ жарса, оның командаласы Андрей Буйлов күміспен күптелді.
Айта кетерлігі, синхронды секіру бойынша Роман Барков пен Игорь Грачев финалда бесінші орынға табан тіреді.
ПІКІР ЖАЗУ