«Басымыз қатып отыр»: Белгілі кәсіпкер Елдос Сметовке сыйлық іздеуге кірісті (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парижде алтын алған Елдос Сметовке көлік сыйламақ, — деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін кәсіпкерлер Сметов Токиодан қола алып келгенде де темір тұлпар мінгізген. Сол уақытта Жұмабек Жанықұлов кілтті табыстап тұрып: «сенің қолаң бізге алтыннан қымбат» деп ағалық қамқорлығын көрсеткенде, Елдос та жігерленіп: «Париждің алтынын алып келемін», — деп уәде берген. Елдос уәдесінде тұрды.

Енді кәсіпкерлер Елдос Сметовке қандай көлік сыйлатынын білмей басымыз қатып отыр дейді.

«Алматыға барамыз. Елдостың келетінін білеміз. Елдостың маңдайына қандай көлік жазылып тұрғанын көреміз», — деді Жанықұлов.

Ал Руслан Берденов көлік салондарын ұсыныспен шығуға шақырды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…