Башар Асад пен оның отбасы мүшелері қайда екені белгілі болды

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Мәскеуде және Ресейден баспана алды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

– Асад отбасымен Мәскеуге келді. Ресей оларға баспана берді, — деп жазды ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз.

Ал бүгін Сирияның қарулы оппозициясы ел астанасы Дамаскіні жаулап алғанын, ал президент Башар Асад елден қашқанын мәлімдеді.