Сархат Бейсенова санэпидбақылау комитетінің басшысы — Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Үкімет қаулысымен Сархат Сағынтайқызы Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін Айжан Есмағамбетова атқарған. Бұл ретте ол лауазымды Денсаулық сақтау вице-министрі қызметімен ұштастырды.
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Ақмола облыстық онкологиялық диспансерінде санитар болып бастаған.
1996-1998 жылдары — Ақмола санитарлық-эпидемиологиялық станциясының дәрігер-эпидемиологы.
1998-1999 жылдары — Ақмола облыстық ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы.
1999-2002 жылдары — дәрігер-эпидемиолог, Астана қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі.
2002-2007 жылдары — Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы.
2007-2009 жылдары — мемлекеттік санитарлық — эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары-Астананың бас санитарлық дәрігерінің орынбасары.
2009 жылдан 2014 жылға дейін — денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті директорының орынбасары, Астана бойынша департамент директоры.
2014-2015 жылдары — тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары — денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары.
2019-2020 жылдары — денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары.
ПІКІР ЖАЗУ