«Бәрімізден кінә бар»: Бокс федерациясының басшысы Олимпиадағы төмен нәтиже туралы айтты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париждегі жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылады. Ол былғары қолғап шеберлері көрсеткен нәтижеге кім кінәлі екенін айтты. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы әлеуметтік жеілдегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Шахмұрат Мүтәліп өз сөзінде боксқа үлкен реформа қажет екенін алға тартты.

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарабынан да, жаттықтырушылар тарабынан да кінә бар. Қатемізді, кем-кетіктерді көріп, бір шешімге келдік. Біздің боксымызға үлкен реформа қажет», — деді ол.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы елге екі Олимпиада қатарынан алтын жүлдесіз оралды. Биыл Парижде 80 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай ғана күміс медаль иеленді. Олимпиада ойындарындағы боксшылардың нәтижесіне қатысты бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.