«Банктердің рұқсатсыз несие беруі — үлкен заңбұзушылық»: Анарбек Марқабай жеке мәліметтердің қорғалмайтынын айтты

Фото: видеодан скрин

Алаяқтардан зардап шеккен жандарға көмек қолын созып жүрген Анарбек Марқабай «Qasqa Jol» Youtube арнасында қонақта болып, соңғы кездегі өзекті мәселемен ой бөлісті, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Анарбек Марқабай осыдан бірнеше уақыт бұрын алаяқтарға алданып, атынан 16 миллион теңгеге онлайн түрде несие рәсімделіп сан соғып қалған. Ол еліміздегі азаматтардың жеке мәліметтерді қорғау бойынша және несие алу жүйесі бойынша заңның ақсап тұрғанын айтты.

«Біздің мемлекетте бұл саланың ақсап жатқан тұстары өте көп. Көрініп тұр. Мысалы, онлайн кредит әрине, жақсы. Шетелде жүрсең де қашықтықтан несие ала аласың. Бірақ, екінші жағы тағы бар. Қорғаныс қабілеті. Бұл қылмыс ақпараттық жүйеде болады. Бұны кез келген тергеуші тексере алмайды. IT маманы керек. Ал ондайға IT мамандарын оқытпайды. Қазір Үкіметке сену мүмкін емес. Банктердің өзінде сіз несиені бір жылға алсаңыз да сіздің мәліметтеріңіз сақталып тұрады. Үкімет біздің жеке мәліметтерімізді жеткілікті деңгейде қорғап жатқан жоқ. Менің рұқсатымсыз банктердің несие беруіңінің өзі үлкен заңбұзушылық. Қорғаныс сапасы төмен деңгейде. Күдікті әрекеттер жасалса. сіздің атыңыздан онда кредит берілу тоқтау керек» , — деді ол.

Оның бұл пікірін мәжіліс депутаты Унзила Шапақ та қолдай кетті.