Балуан Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жарыс жолына шығады

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының аяқталуына бірер күн қалды. Қазақстан командасының әлі де қоржынын медальмен толтыратын мүмкіндігі бар. Мәселен, бүгін еркін күрестен 97 келіде өнер көрсететін Әлішер Ерғали жарыс жолына шығады. Сондай-ақ, тағы үш спортшы жүлде алу үшін өз бағын сынап көреді, деп хабарлайды ozgeris.info.

10 тамызға арналған жарыс кестесі:

Қазіргі бессайыс, әйелдер. Жартылай финал

  • Елена Потапенко
  • Басталуы: 12.30

Еркін күрес. 97 кг дейін (іріктеу раунд)

  • Әлішер Ерғали
  • Басталуы: 14.56

Брейкинг, ерлер. Іріктеу раунд, жартылай финал, финал

  • Амир Закиров
  • Басталуы: 19.00

Тректегі велоспорт, кейрин. Ерлер. Ірітеу раунд

  • Андрей Чугай
  • Басталуы: 20.19