Париж Олимпиадасының аяқталуына бірер күн қалды. Қазақстан командасының әлі де қоржынын медальмен толтыратын мүмкіндігі бар. Мәселен, бүгін еркін күрестен 97 келіде өнер көрсететін Әлішер Ерғали жарыс жолына шығады. Сондай-ақ, тағы үш спортшы жүлде алу үшін өз бағын сынап көреді, деп хабарлайды ozgeris.info.
10 тамызға арналған жарыс кестесі:
Қазіргі бессайыс, әйелдер. Жартылай финал
- Елена Потапенко
- Басталуы: 12.30
Еркін күрес. 97 кг дейін (іріктеу раунд)
- Әлішер Ерғали
- Басталуы: 14.56
Брейкинг, ерлер. Іріктеу раунд, жартылай финал, финал
- Амир Закиров
- Басталуы: 19.00
Тректегі велоспорт, кейрин. Ерлер. Ірітеу раунд
- Андрей Чугай
- Басталуы: 20.19
ПІКІР ЖАЗУ